Ұлт руханиятының темірқазығы, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күні
Ұлттық арнаның көшпелі студиясы — ұлы тойдың төрінен, Абайдың туған жері Қарауылдан тікелей эфирге шығып тұр.
Бүгін — дана халқымыздың мақтанышы, ұлт руханиятының темірқазығы, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күні.
Сондықтан Шыңғыстаудың баурайы, Қарауылдың төрі — нағыз тойдың ордасы болып тұр.
Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай бұл жерге 180 киіз үй тігіліп, қазақтың қонақжай дәстүрі айшықталып жатыр.
Киіз үйлердің әрқайсысы – тарих пен салт-дәстүрдің айнасы, ал орталық алаңда үлкен сахнада бала Абайдан дана Абайға дейінгі өмір жолын қамтитын тағылымды қойылым қойылады.
Дала төсін дүбірге бөлеген бәйге де тойдың сәнін кіргізбек. Ер қанаты – ат, жүйріктің тізгініне қонған шабандоздар жүлде үшін ғана емес, ел мерейін асыру үшін бақ сынайды.
Міне, алты Алаштан Қарауылға келген халық осындай тамаша той-думанның куәсі болады. Жалпы, 30 мыңнан астам адам қатыспақ. Олардың арасында 15 елден делегация, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, жастар, өнер өкілдері және БАҚ өкілдері бар.
Альбина Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
