Президент ЖИ дамыту жөнінде кеңес өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Президент ЖИ дамыту жөнінде кеңес өткізді

Президент ЖИ дамыту жөнінде кеңес өткізді

«Үкімет жеке деректерді қолданатын барлық коммуникацияны ұлттық мессенджерге көшіру мәселесін пысықтауы керек». Жасанды интеллектті дамыту мәселелері жөнінде кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Әрі үлгі ретінде отандық Aitu мессенджерін ұсынды. «Ол тиісті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ете алады», - деді.

Мемлекет басшысы жыл басынан бері деректердің қолды болуына байланысты 40-тан астам факті тіркелгенін де айтты. Мұндай инциденттер құзыреттердің дұрыс бөлінбеуі мен шашыраңқылығы салдарынан болып жатқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Киберқауіпсіздік – ұлттық маңызы бар басымдық. Бұл салада кімнің неге жауапты екені нақты көрсетілген бірыңғай басқару жүйесі және заманауи база болуы тиіс. Осы орайда Президент Әкімшілігіне Қауіпсіздік кеңесімен бірлесіп, 1 ай ішінде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы міндеттер мен өкілеттіктерді қайта бөлу туралы ұсыныстар енгізуді тапсырамын.

Данияр Қайыртай

Автор
Редакция
Бөлісу