Талдықорған жоғары политехникалық колледжі қыркүйектен бастап дрон операторы мамандарын даярлайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Талдықорған жоғары политехникалық колледжі қыркүйектен бастап дрон операторы мамандарын даярлайды

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі қыркүйектен бастап дрон операторы мамандарын даярлайды

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі қыркүйектен бастап дрон операторы мамандарын даярлайды. Бұған дейін елімізде бірнеше дрон құрастырылған болатын. Енді күзден бастап 50 студент осы мамандық бойынша білім ала алады. Дрон операторы - бүгінде сұранысқа ие саланың бірі. Бұл - Қытай компанияларының бірімен бірлесе әзірленген оқу бағдарламасы. Политехникалық колледж — осы сала бойынша лицензия алған алғашқы білім ордасы. Арнайы жабдықталған тәжірибелік-өндірістік алаңда студенттер пилотсыз ұшу аппараттарын бөлшектеп жинауды және қосымша функцияларды орнатуды үйренеді. Дайын дрондарға GPS модульдері, жылукамералары, іздеу жүйелері және өзге де заманауи құрылғылар орнатылады. Мұндай аппараттар ауыл шаруашылығында егістіктерді бақылау, зиянкестерден қорғау және егінді өңдеу үшін қажет. Сондай-ақ төтенше жағдайлар қызметінде іздестіру-құтқару, өрттің алдын алу жұмыстарында да кеңінен қолданылады. Қазір колледж жаңа оқу жылына құжат қабылдап жатыр.

Шыңғыс Нұрғожаев, Талдықорған политехникалық колледжінің директоры:

Біз Қытайдың тәжірибесін зерделеп, оқытушыларымызды сол елдің бағдарламасы мен оқу жүйесіне сай даярлап, дағдыларын жетілдірдік. Кейін Қазақстан нарығындағы сұранысты ескере отырып, отандық компаниялардың тәжірибесін жинақтадық.

Дамир Нұрмұхамет

Автор
Редакция
Бөлісу