«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 10 веб-телеарнаны іске қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар «Қазақстан» телерадиокорпорациясы 10 веб-телеарнаны іске қосты

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 10 веб-телеарнаны іске қосты

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 10 веб-телеарнаны іске қосты. Жаңашылдық көрермен қызығушылығы мен сұранысына сай сапалы контентті бөлек-бөлек ұсынады. Атап айтқанда, «Ұлттық өнер», «Айтыс», «Театр», «Деректі фильм», «Музыка» бағытында медиаконтент жүктеледі. Одан бөлек, «Ретро», «Сериал», «Мульт», «Әзіл шоу», «Спорт» тұрғысында көрермен үшін дайындалған контент ұсынылады. Бұл веб-телеарналар SmartTV арқылы және qazaqstan.tv, qaztv.kz сайттары мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасында қолжетімді. 

Алдияр Айтбай

Автор
Редакция
Бөлісу