Сорбұлақтағы тікұшақ апаты: Үшінші адамның мәйіті табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Сорбұлақтағы тікұшақ апаты: Үшінші адамның мәйіті табылды

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты: Үшінші адамның мәйіті табылды

Алматы облысындағы Сорбұлақ су қоймасынан үшінші адамның денесі шығарылды. Іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің дерегінше, табылған мәйіт - экипаж командирінің көмекшісі, капитан Аман Амангелді.

Күрделі жағдайларда бірнеше мәрте ұшып жаттыққан, тәжірибелі ұшқыш. Оның EC-145 тікұшағындағы ұшу уақыты 295 сағат еді. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстарымен бірге апаттың себептерін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Айдана Қуантхан

Автор
Редакция
Бөлісу