Еліміздегі колледждердің цифрлық картасы әзірленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Еліміздегі колледждердің цифрлық картасы әзірленді

Еліміздегі колледждердің цифрлық картасы әзірленді

Еліміздегі барлық колледж туралы ақпарат арнайы цифрлық картаға жинақталды. Жобаны «Talap» акционерлік қоғамы әзірледі. Картада 772 оқу орны мен 170 мамандық бойынша мәлімет бір жерге жүйеленген. Платформа аймақ, колледж және мамандық бойынша мәліметтерді тез табуға мүмкіндік береді. Мұнда студент пен ұстаздар саны, жатақхана, спортзал сияқты нысандар көрсетіледі. Оқу орнының жетістіктерін де бақылап отыруға болады. Бұл әсіресе жұмыс берушілер мен студенттерге ыңғайлы. Себебі Қазақстанның қай өңірінде қандай мамандар даярланып жатқанын онлайн көруге болады. Қазір еліміздің колледждерінде 565 мың студент білім алып жатыр. Цифрлық карта ішіндегі мәліметтер тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Марал Нығметжанова, «Talap» КЕАҚ зерттеу және мониторингтеу басқармасының басшысы:

Жұмыс берушілердің өздері де қай колледжден қандай бала қай мамандықпен бітіріп шығады? Қай колледжбен серіктестік жасауға болады? Сол колледждің балаларын қалай жұмысқа тартуға болады? Колледжге жәрмеңкемен баруға бола ма? Олармен меморандумға отыруға бола ма? Сондай мәліметтерді толығымен ала алады.

Шерхан Жамбылұлы

Автор
Редакция
Бөлісу