Ресейдегі студенттер саны бір миллионға қысқарған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ресейдегі студенттер саны бір миллионға қысқарған

Ресейдегі студенттер саны бір миллионға қысқарған

Ресейдің кей оқу орындары қос деңгейлі жүйеден – 4 жылдық бакалавриат және 2 жылдық магистратурадан бас тарта бастады. Керісінше, мамандандыру, яғни 5-6 жылдың оқу жүйесіне көшуде. Өйткені Ресей келесі жылдың 1 қыркүйегінен бастап халықаралық Болон жүйесінен түбегейлі шығады. Сондықтан көрші елде оқитын шетелдік студент саны қысқарды. 3 жылда бір миллион адамға азайған. Мамандар алдағы бір жылда студенттердің саны тағы 2-3 миллионға қысқарады дейді.

Татьяна Антюфеева, оқытушы:

Бұл жүйеге барлық оқу орындары көшеді деген жоспар бар. Біз ең алдымен ғылымға, студенттердің академиялық білім деңгейіне көңіл бөлгіміз келеді. Алайда оған уақыт керек. Сондықтан бұл тәжірибе қаншалықты нәтиже беретіні белгісіз.

Индира Бегайдар

Автор
Редакция
Бөлісу