АҚШ пен Қытай кеден тарифін бұрынғы күйінде қалдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар АҚШ пен Қытай кеден тарифін бұрынғы күйінде қалдырды

АҚШ пен Қытай кеден тарифін бұрынғы күйінде қалдырды

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытаймен сауда бітімі аяқталуға жақын қалғанда бұл елге қарсы кедендік баж салығын енгізуді тағы 90 күнге шегерді. Ақ үй басшысы бұл туралы өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жазған. Қытайдың Сауда министрлігі де АҚШ-тан баратын импортқа қатысты дәл сондай шара қабылдап, кейінге қалдырды. Демек тарифтер бұрынғы мөлшерде сақталады. Оған сай Қытай тарабынан америкалық тауарларға 10 пайыз, ал АҚШ тарабынан қытайлық тауарларға 30 пайыз баж салығы күшінде болады. Бұлай болмағанда кедендік салық бірден 145 және 125 пайызға жететін етеді. 

Арай Төлегенқызы

Автор
Редакция
Бөлісу