«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Комментатор сөздігі» мен «Редакция стандартын» таныстырды
Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының қазақ тіліндегі спорт терминдеріне арналған алғашқы «Комментатор сөздігі» мен Корпорация қызметкерлеріне арналған бірыңғай «Редакция стандарты» таныстырылды. Сөздікті дайындауға тілші-журналистер, лингвист-ғалымдар мен Корпорация мамандарынан құралған 50-ге жуық маман бір жылға жуық уақыт атсалысты. Жоба түсіндірме сөздік форматында жасалған және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми кеңесінде қаралып, мақұлданды.
Ләззат Танысбай, «Қазақстан» РТРК» АҚ төрайымы:
Бұл жерде 15 спорт түрі бойынша ең көп қолданылатын 1200 термин қамтылған. Баршаңызға құтты болсын!

Ерсін Ерік, спорт комментаторы:
Күткен сөздігіміз жарық көрді. Бұл — спорт саласы мамандары мен комментаторларға таптырмас құрал. Әр эфирде спорттық терминдерді осы сөздікке сүйеніп, қазақша аударып, ондағы нұсқасына сай қолданамыз.
Ал «Редакция стандарты» ұжым қызметкерлерінің ортақ кәсіби және этикалық ұстанымдарын қалыптастыруды мақсат етеді. Ол ақпарат көздерін тексеру, цифрлық қауіпсіздікті сақтау, жасанды интеллектімен жұмыс сынды мәселелерді қамтыған. Айта кетейік, құжат «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ресми сайтында жарияланды.
Болат Мүрсәлім, «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының директоры:
Бұл - халықаралық этика нормаларынан еш кем түспейтін құжат. BBC, CNN, The New York Times сияқты әлемге танылған медиа құрылымдардың стандарттарымен деңгейлес. Мысалы, футболдың өз ережесі бар, барлық спортшы сол ережемен ойнайды. Сол сияқты жаһандық журналистиканың ойын ережелері де осында жазылған деп есептейміз.
Темірлан Нұржанұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
