Депутат: Киберқауіпсіздік жүйесін үйлестіру орталығын құру қажет
Елімізде киберқауіпсіздік жүйесін үйлестіретін бірыңғай уәкілетті орган жоқ. Ал осы мақсатта жұмыс істеп жатқан құрылымдар өзара байланыссыз, дара әрекет етеді. Соның салдарынан жыл басынан бері 14 мыңнан аса интернет алаяқтық фактісі тіркеліп, ел тұрғындарына 6 млрд теңгеден аса шығын келген. Алаяқтарға дер кезінде тосқауыл қойылмаса, залал көлемі жыл сайын көбеюі мүмкін, дейді сенат депутаты Жанна Асанова. Депутат прокурорлар, уәкілетті орган өкілдерімен кездесіп, осы мәселені талқылады. Жиында сала мамандары біртұтас аналитикалық орталық құруды ұсынды. Басқосуда бұдан бөлек құрылыс сапасы, тұтынушылар қауіпсіздігі де көтерілді. Сенат депутаты қордаланған мәселелерді жауапты министрлік өкілдеріне жеткізетінін айтты.
Жанна Асанова, Сенат депутаты:
Қыркүйектен бастап қызметімізді бастаймыз. Өткен сессиядан қалған заңдар бойынша жұмыс жалғастырылады. Ал енді егер осы кездесулердің арқасында шыққан тағы бір толық жаңа мәселелер болса, оны да біз сол депутаттық инициатива ретінде алып кетеміз де, өзіміздің жұмысымызға кіргіземіз.
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
