Қазақстанға Өзбекстан мен Қырғыз елі қосымша 600 млн текше метр су жібереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қазақстанға Өзбекстан мен Қырғыз елі қосымша 600 млн текше метр су жібереді

Қазақстанға Өзбекстан мен Қырғыз елі қосымша 600 млн текше метр су жібереді

Өзбекстан мен Қырғыз елі Қазақстанға қосымша 600 млн текше метр су жібереді. Аптап ыстыққа байланысты елімізде су шығыны артқан. Бастапқы келісім бойынша бөлінген су жетпей жатыр. Осы ретте Су шаруашылығы және ирригация министрі шаруа қожалықтарына суды үнемдеу технологиясын көптеп енгізу қажет екенін түсіндіріп жатырмыз деген болатын. Ал сарапшылар биыл жалпы Орталық Азия бойынша су тапшылығы барын айтады. Былтыр қазан айынан бастап шілдеге дейін Сырдария өзені арқылы 15 млрд текше метрге жуық су алдық. Вегетациялық кезеңнің аяқталуына әлі де бір айдай уақыт бар. Осы аралықта тіршілік нәрінен тапшылық болмауы үшін еліміз тағы қосымша су алатын болды.

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

Биылғы жылдың өз ерекшелігі бар, көріп отырсыздар, жаңбыр өте аз. Түскен қардың көлемі де өте аз болды. Ауа температурасы ыстық. Жалпы, біздің оңтүстік өңірлерде вегетациялық кезең биыл 20- 25 күн ерте басталды.

Базаркүл Отыншиева


Автор
Редакция
Бөлісу