Абай облысында Сенат депутаты шалғай ауылдарды аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Абай облысында Сенат депутаты шалғай ауылдарды аралады

Абай облысында Сенат депутаты шалғай ауылдарды аралады

Сенат депутаты Қайрат Тастекеев Абай облысы Үржар ауданына барып, жөнделіп жатқан Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепті көрді.

Материалдық-техникалық базасын нығайту, оқушыларға қолайлы орта қалыптастырудың маңызына тоқталып, жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуы басты талап екенін жеткізді. Сондай-ақ жаңадан салынған медициналық нысандарды аралады. Сенат депутаты сондай-ақ аудан активімен кездесіп, тұрғындардың талап-тілегін тыңдады. Әлеуметтік жағдай, инфрақұрылым мен жолдың сапасы, денсаулық сақтау, жастар саясаты және тұрғын үй сынды маңызды тақырыптар талқыланды.


Автор
Редакция
Бөлісу