Рудный қаласында резеңке қалдықтарын өңдеу артады
Қостанай облысының Рудный қаласында резеңке бұйымдарын қайта өңдейтін зауыттың жанынан цех салынып жатыр. Кәсіпорын автомобиль мен ірі габаритті дөңгелектерден пиролиздік отын, резеңке түйіршіктерін шығарады. Мұндай шикізаттан тартан жабыны, балалар мен спорт алаңдарына арналған төсемдер жасалады. Құны 400 миллион теңгеден асатын жаңа жоба жүзеге асса, кәсіпорынның өндірістік қуаты төрт есеге өспек. Яғни, жылына 12 мың тоннаға дейін өнім шығарылады.
Ринат Ишбулатов, кәсіпорын басшысы:
Нарықта біздің өнімге сұраныс жоғары. Сондықтан біз «Жасыл даму» қорынан қолдау тауып, жаңа құрылғы сатып алдық. Қазан-қараша айларында жаңа желі іске қосылса, өндіріс көлемі 3-4 есеге өседі.
Мәдина Нағашыбай
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner