Қарағанды облысында бетон құлап, 4 жұмысшы мертікті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қарағанды облысында бетон құлап, 4 жұмысшы мертікті

Қарағанды облысында бетон құлап, 4 жұмысшы мертікті

Қарағанды облысы Саяқ станциясында бетонды қаптама опырылып, бірнеше адам зардап шекті. «Теміржол жөндеу» компаниясының мәліметінше, автокөлік өтетін жолды жөндеп жатқанда темір бағана оқыстан опырылып, темір жолдың үстіне құлаған. Зардап шеккен 4 жұмысшының бірі жансақтау бөлімінде, қалған 3-і амбулаториялық емге жіберілген. Полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. 

Жандос Бақытұлы

Автор
Редакция
Бөлісу