Орталық Азияда алғаш рет кітапханашылардың Дүниежүзілік конгресі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Орталық Азияда алғаш рет кітапханашылардың Дүниежүзілік конгресі өтеді

Орталық Азияда алғаш рет кітапханашылардың Дүниежүзілік конгресі өтеді

Орталық Азияда алғаш рет кітапханашылардың Дүниежүзілік конгресі өтеді. 18 тамызда Астанада ұйымдастырылатын ауқымды жиынға 130 елден 4 мыңға жуық делегат келеді. Іс-шарада бес күн бойы кітапхана ісіне қатысты тренингтер, ғылыми конференциялар мен семинарлар болады. Мақсат – тәжірибе алмасып, ғылыми еңбектерді цифрлық жүйеге көшірудің тың тәсілдерін игеру. Сондай-ақ өзге мемлекеттердің орталық кітапханаларында қазақ әдебиетін көбейту жөнінде келісімдер жасалуы мүмкін.

Торстен Кукс, кітапханашы /Германия/

Біз Германияда кітаптарды цифрлық форматқа көшіретін арнайы ұйым аштық. Қазақстанда да ғылыми еңбектердің бәрін онлайн форматта оқуға болады екен. Туындының түпнұсқасын жоғалтып алмай, әр парағын әлеуметтік желіге мұқият жүктеп отыру – үлкен еңбек. Алдағы күндері кітапханашыларымыз осы бағытта тәжірибе алмасады.

Жанел Өтеулі

Автор
Редакция
Бөлісу