Петропавл тұрғындары қоқысты сыйлыққа айырбастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Петропавл тұрғындары қоқысты сыйлыққа айырбастады

Петропавл тұрғындары қоқысты сыйлыққа айырбастады

Петропавл тұрғындары қоқысты түрлі сыйлықтарға айырбастады.

«Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық акция өтті. Басты мақсат – қоршаған ортаны қорғау мәселесіне қоғам назарын аудару, қоқысты бөліп жинау мәдениетін қалыптастыру, дейді ұйымдастырушылар. Ойын форматында өткен шараға қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, түрлі тапсырманы орындады.

Ирина Жыдыханова, қала тұрғыны:

Мұндай акцияға алғаш рет қатысып отырмын. Тапсырма оңай болған жоқ. Дегенмен дұрыс шешімін таптым. Жастар тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаудың маңыздылығы туралы айтып жатыр. Өз басым қоқысты үнемі бөліп жинаймын.

Эльмира Кәленова

Автор
Редакция
Бөлісу