Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл
Бүгін көрнекті композитор Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл. «Қазақтың вальс королі» атанып кеткен сазгердің әндері қазақ сахнасында әлі күнге дейін шырқалып келеді. Астанада композитордың туған күніне «Бақыт құшағында» деп аталатын тұңғыш қазақ тілді jukebox мюзиклі түсірілді.
Мюзикл сценарийі толығымен композитордың әндерімен шабыттана отырып жазылған. Елорданың көшелерінде түсірілген кинотуынды Шәмші Қалдаяқовтың әйгілі әнінің эпизодтарына бір кадрында 230-ға жуық актер би билейді. Туынды желісінде анаға құрмет пен отбасы құндылығы, махаббат пен карьера суреттеледі. Басты рольдерде Азамат Сатыбалды, Дәурен Серғазин мен Алия Әнуарбек.
Мюзикл 23 қазанда еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі.
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner