Қазақстандық 8 палуан Әлем чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қазақстандық 8 палуан Әлем чемпионы атанды

Қазақстандық 8 палуан Әлем чемпионы атанды

Астанада қазақ күресінен өткен әскери қызметшілер арасындағы Әлем біріншілігі аяқталды. Жарысқа қатысқан Ұлттық құрама мүшелерінің тең жартысы чемпион атанды. Қалған сегіз балуан да жүлдегерлер қатарынан көрінді. Нақтырақ айтқанда, ел қоржынына 8 алтын, 6 күміс пен 2 қола медаль түсті. Тұңғыш рет өткен дүбірлі додада төрткүл дүниенің түкпір-түкпірінен келген 150-ден аса спортшы бозкілемде бақ сынады. 

Асылбек Данияр

Автор
Редакция
Бөлісу