Петропавлда суды тазартудың тың тәсілін ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Петропавлда суды тазартудың тың тәсілін ойлап тапты

Петропавлда суды тазартудың тың тәсілін ойлап тапты

Солтүстікқазақстандық ғалым ластанған өзен-көлдерді тазалаудың жолын ойлап тапты.

Александр Рейбандтың жобасы 8 жылдан бері сәтті жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт аралығында ол Қазастан бойынша 140 су қоймасын зиянды заттардан арылтты. Оның ішінде Петропавл, Шымкент, Қостанай және Алматы қалаларында орналасқан 4 ірі биотоған бар. Өзен-көлдерді тазарту үшін үшін хлорелла балдыры қолданылады. Зертханада өсірілген микроорганизмдер суды ластайтын бактериялармен қоректенеді. Технология 8 ұлттық және 2 еуразиялық патентке ие болды.

Александр Рейбанд, жоба жетекшісі:

Петропавлда 600 мың тонна хлорелла өсіреміз. Қостанай мен Алматы қалаларында да өндірісіміз бар. Біздің технологияны 80 мекеме аккредитациядан өткізді.

Эльмира Кәленова 


Автор
Редакция
Бөлісу