Алматыдағы Бас ботаникалық бақта «Экология және инклюзия» фестивалі өтіп жатыр
Алматыдағы Бас ботаникалық бақта «Экология және инклюзия» фестивалі өтіп жатыр. Қоршаған ортаны қорғауға арналған іс-шара «Таза Қазақстан» науқаны аясында ұйымдастырылып отыр. Шараға келушілерге көгалдандыру, экожүйені жабық күйінде құру, робототехника бойынша шеберлік сағаттары өтті. Мамандар шаһар қонақтарына өсімдікті өсірудің тез әрі жеңіл жолын көрсетті. Сондай-ақ қалдықтарды сұрыптап жинау, оны қайта өңдеу зауыттарын жеткізу жолдары да көрсетілді.
Баян Қоспенбетова, ботаника және фитоинтродукция институтының маркетинг және pr бөлімінің басшысы:
Фестивальдің мақсаты – экологиялық жауапкершіліктің қазіргі қоғамдағы маңыздылығын көрсету. Табиғатқа жанашыр, қамқор қоғам құру. Биылғы шарада қалдықтарды сұрыптап жинау мәдениетін жүйелі түрде дамытуға басымдық беріп отырмыз.
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
