«Silk Way Star» музыкалық байқауына Азияның 12 елі қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар «Silk Way Star» музыкалық байқауына Азияның 12 елі қатысады

«Silk Way Star» музыкалық байқауына Азияның 12 елі қатысады

Азияның 12 елінен келген вокал шеберлері «Silk Way Star» Жібек Жолының жұлдызы атты халықаралық музыкалық байқауда өнер көрсетеді. Дүниежүзілік деңгейдегі бұл жоба Қазақстан астанасында өтпек. Байқау Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен Қытайдың CMG медиакорпорациясы арасындағы келісімі негізінде ұйымдастырылып отыр. Сәйкесінше, жоба Қытай көрерменіне де жол тартады. Елдің орталық телеарналарында ұзақтығы 105 минуттан болатын 10 эпизод көрсетіледі.

 Еркежан Күнтуған, «Jibek Joly» телеарнасының директоры:

Қытай тарапынан атсалысатын мамандар Қытайдағы «Gala Concert» деген бар, бұл өздерінің ұлттық мерекесіне арналған үлкен концерттер. Сол концерттерді жасайтын команда. Олар - мықты режиссерлер және мықты музыкалық продюссерлер. Олардың әр концертін кемінде 1 жылдың ішінде 2 млрд-тан аса адам қарайды.

 Бүгін байқау қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында вокалдық сайыстың түсірілімі 20 тамызда басталатыны айтылды. Сондай-ақ әр елден қатысатын вокалист таныстырылды. Қазақстан намысын Alem деген атымен танымал Батырхан Мәлік қорғайды. Ал сайыстың Гранд-финалы 22 қарашада өтеді.

Батырхан Мәлік, жоба қатысушысы:

Біздің жалауды әлемдік арнеда желбіретіп, көтеру - мен үшін үлкен мәртебе. Осы мүмкіндік үшін көп рахмет. Әрине мен жобада барымды салып, тырысамын.

Темірлан Нұрсолтан 

Автор
Редакция
Бөлісу