Петропавлда нөсер жауын жауып, көшелерді су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Петропавлда нөсер жауын жауып, көшелерді су басты

Петропавлда нөсер жауын жауып, көшелерді су басты

Теріскейде жауынның бір айлық мөлшері түсті. Петропавл көшелерін су басты. Тәулік бойы тұрғындардан жүзден астам шақырту түскен. 11 сағат бойы жауған нөсердің салдарын жою жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің барлық күштері жұмылдырылды. Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері де көмекке келді. Жолдар мен жекелеген тұрғын үйлердің жертөлелерін су басқан. Авариялық қызмет бөлімі мамандарының жұмысы жалғасып жатыр.

Эльмира Кәленова




Автор
Редакция
Бөлісу