Ақмола облысындағы әуе апатына байланысты комиссия құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ақмола облысындағы әуе апатына байланысты комиссия құрылды

Ақмола облысындағы әуе апатына байланысты комиссия құрылды

Ақмола облысындағы жеке ұшақ апатына байланысты комиссия құрылды. Кеше кешке UP-LA229 жеңіл моторлы ұшағы апатқа ұшырап, ішінде болған екі адам пилот пен жолаушы қаза тапты. Көлік министрлігінің мәліметінше, авиациялық оқиғаларды тергеу ережесіне сәйкес арнайы комиссия құрылды. Оқиға орнына министрліктің Апаттарды тергеу департаментінің мамандары аттанды. Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталып жатыр.

Ернұр Медет


Автор
Редакция
Бөлісу