Астана қалалық Тамыз конференциясына 800-дей педагог қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Астана қалалық Тамыз конференциясына 800-дей педагог қатысты

Астана қалалық Тамыз конференциясына 800-дей педагог қатысты

Биыл Астанадағы балабақшаларды тек отандық өнімдермен жабдықтауға басымдық беріледі. Бұл туралы бүгін қалалық Тамыз конференциясында айтылды. Жиынға алыс-жақын шетелдерден және еліміздің білім ұйымдарынан 800-ге жуық педагог қатысты. Олар алдағы бірнеше күн бойы мектепке дейінгі білім беру бағдарламасына цифрлық технологияларды енгізу жайын талқылап, өзара тәжірибе алмасады. Ғылыми конференция барысында дамуында ерекшелігі бар бүлдіршіндерге арналған білім бағдарламасы да даярланбақ.

Серік Әділбаев, Білім басқармасы басшысының орынбасары:

Инклюзиялық білім беру – басты бағыттардың бірі. Осы бағытта цифрландыруды қолдану, жаңадан бағдарламаларды қолдану және ЖИ негізінде тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізіледі.

Жанел Өтеулі

Автор
Редакция
Бөлісу