Астанадағы LRT рельстері толық төселді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Астанадағы LRT рельстері толық төселді

Астанадағы LRT рельстері толық төселді

Астанада 22,4 шақырымға созылатын LRT-ның негізгі желісінде рельс төсеу жұмыстары аяқталды. CTS ақпаратына сәйкес барлығы №101 мен 118 станция аралығында және олардың аралықтарында 89 мың 600 погондық метр рельс төселген. Ал қазір оларды дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кейін түпкілікті бекітіле бастайды.

Айта кетейік, жолдарға құрамында темірі мол, көміртекті болаттан жасалған рельс пайдаланылған. Олар жіксіз төсеу технологиясымен алдын ала кернелген шпалдарға қойылып, заманауи бекіту жүйесі арқылы орнатылды. Мұндай технология көлік қозғалысы кезінде шуды азайтады. Бұл жолаушыларға да, жақын маңдағы тұрғындарына да қолайсыздық туғызбау үшін жасалып отыр.

Темірлан Нұрсолтан

Автор
Редакция
Бөлісу