Жапониядағы өрттен екі адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Жапониядағы өрттен екі адам қаза тапты

Жапониядағы өрттен екі адам қаза тапты

Жапонияның Осака қаласындағы әйгілі «Дотонбори» сауда орталығын алапат от шарпыды. Соңғы мәліметке қарағанда, 2 өрт сөндіруші қаза тауып, төртеуі жараланған. Лапылдаған жалын ресторандар мен түрлі бутиктер орналасқан жеті қабатты ғимараттың біріншісінде басталып, жылдам жоғарыға жеткен. Жергілікті биліктің мәліметінше, жараланғандардың үшеуінің жағдайы тұрақты.

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Арыстан Рысбек

Автор
Редакция
Бөлісу