Вашингтонда Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийдің кездесуі басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Вашингтонда Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийдің кездесуі басталады

Вашингтонда Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийдің кездесуі басталады

Бірер сағаттан соң АҚШ астанасы Вашингтонда Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийдің кездесуі басталады. Украина басшысын қолдау үшін Еуропаның жетекші елдерінің президенттері де келе жатыр. Басты тақырып Украина жеріндегі соғысты тоқтау үшін Ресей тарапы қойған шартты талқылау.

Украина президентінің борты кеше келіп қонған. Әрине оны Путин секілді қызыл кілем төсеп күтіп алмаса да Трамп бірер сағаттың ішінде Ақ үйде қарсы алмақ. АҚШ проезиденті әуелі әріптесімен жеке кездеседі. Бірақ ол үшін тек әрі кетсе 45 минутын ғана арнамақ. Сосын Зеленский үшін алаңдап жолға шыққан Еуропа елдерінің басшыларымен түскі аста жолығады. Айта кетейік, еуропалық комиссиясының, НАТО-ның басшыларымен қатар Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия және Финляндия жетекшілерің ұшақтары көп ұзамай қонуы тиіс. Тараптар Аляскада өткен Путин мен Трамптың келіссөздерін талқылап, қақтығысты тоқтату ұстанымын пысықтайды. Ресей соғысты тоқтатып, бейбіт келісім жасау үшін бірнеше шарт қойған. Оны Трамп нақты ашып айтпаса да мәселе Ресей басып алған Украинаның бес обылысына қатысты екені даусыз. АҚШ-тың арнайы Стив Уиткофф өкілі бұған дейін Ақ үйде аумақ алмасу мәселесі мен Украна қауіпсіздігіне кепіл беру жайы сөз болатынын айтқан. Бірақ Трамп кеше әлеуметтік желідегі парақшасында «Қырым қайтарылмайды. НАТО-ға кіру де жоқ. Кейбір нәрселер ешқашан өзгермейді» деп жазба қалдырған. Соған қарап, көп сарапшы Трамп Зеленскийді Ресейдің шарттарын қабылдауға мәжбүрлемек деп болжап отыр.

Жалғас Сәдібекұлы


Автор
Редакция
Бөлісу