400 мұғалім бір мезетте Абайдың әнін шырқады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар 400 мұғалім бір мезетте Абайдың әнін шырқады

400 мұғалім бір мезетте Абайдың әнін шырқады

Бүгін Астанада бір мезетте 400 мұғалім Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқады. Әдемі көрініс елордадағы «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» атты педагогтер форумында болды.

Форумда елордалық мектеп оқушылары хакімнің өлеңдерін, қара сөздерін оқыды. Сондай-ақ домбырамен нақышына келтіріп Абай әндерін орындады. Қатысушылардың жалпы саны 20 мыңнан асады.

Елдос Есенбол 

Автор
Редакция
Бөлісу