Түркістан облысында жалпыхалықтық сенбілік өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Түркістан облысында жалпыхалықтық сенбілік өтті

Түркістан облысында жалпыхалықтық сенбілік өтті

Бүгін Түркістан облысының Қазығұрт ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде ауқымды сенбілік өтті. Тазалық акциясына аудан әкімдігі, ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар да белсене қатысты. Көпшілік ауыл ішіндегі көшелер мен саябақтарды, аула мен арық-атыздарды қоқыстан тазартты. Сонымен қатар, ағаш түптерін әктеп, гүлзарларды ретке келтірді, су арналарын тазартып, ағаш көшеттерін отырғызды.

Нұргүл Ахметова 

Автор
Редакция
Бөлісу