Қостанайда жуық арада 70 мың автокөлік шығаратын KIA зауыты іске қосылады
Қостанайда жуық арада 70 мың автокөлік шығаратын KIA зауыты іске қосылады. Бұл 1500 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Мұны Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Президент қабылдауында айтты. Биыл өңірде өнеркәсіп өнімі өткен жылмен салыстырғанда 4,3 пайызға жоғары. Яғни 1 трлн 820 млрд теңгенің өнімін өндірген. Құны 337 млрд теңге болатын 13 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ жыл басынан бері өңірде 22 әлеуметтік нысан іске қосылса, жыл соңына дейін тағы 29 әлеуметтік нысан пайдалануға берілмек. Кездесу соңында Президент инвестиция көлемін одан әрі арттыру, өнеркәсіп пен аграрлық секторды дамыту, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту қажеттілігіне тоқталып, жылыту маусымына әзірлік, күзгі жиын-терін науқанын сапалы ұйымдастыру үшін жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды.
Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:
Осы жылдың аяғына дейін 4 ірі зауыттың құрылысы бітіп, ашылатын болады. Біріншісі – автозавод, 1,5 мың адам жұмысқа тартылады. Екіншісі – жүк таситын машиналарға жасайтын әр түрлі компоненттер. Жеңіл көлікке компонент жасайтын зауыттың да құрылысы бітіп қалады. Төртінші завод – ірі кондитер фабрикасы.
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
