Қызылордада «Инженерлік мектеп» жобасы іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қызылордада «Инженерлік мектеп» жобасы іске қосылады

Қызылордада «Инженерлік мектеп» жобасы іске қосылады

Жаңа оқу жылынан бастап Қызылордада «Инженерлік мектеп» жобасы жүзеге асады. Бұл жоба оқушыларға кәсіби бағдар беріп, практикалық ойлауды дамытуға мүмкіндік береді. Былтыр ғана ашылған білім ордасында жаңа технологиялар оқу процесіне қолданылып, үлкен мүмкіндіктерге жол ашты, дейді мамандар. Білім ошағы цифрлық құрылғылар мен интерактивті технологиялармен толық жарақталған.

Мөлдір Смаханова, №290 «Келешек» мектебінің директоры:

Қазір «Инжернерлік мектеп» жобасын 8 бағыт бойынша іске асырудамыз. «Наноквантум», «Биоквантум», «Робоквантум», сынды зертханаларымыз бар. Бұл жерде оқушыларымыз зерттеулер жүргізсе, бірі «Бірқазан», «Оймақ» тігін шеберханасы арқылы сәндік қолданбалы өнерді үйрене алады.

Бұған қоса, мектепте «Келешек-HUB» кәсіби бағдар беру цифрлық зертханасы іске қосылды. Оқушылар заманауи платформалар арқылы онлайн кәсіби бағдарлау тестінен өтіп, болашақ мамандығын таңдай алады. Заман үлгісіне сай жабдықталған мектептің оқушылары жуырда ғана ғылыми-техникалық бағыттағы халықаралық жарыстан арнайы жүлде еншіледі.

Алдияр Айберген, оқушы:

Біз су астын зерттеуге түрлі роботтар жасадық. Бұл бізде сүңгуір кемесі. Бұл су астын зерттеп, судың тереңдігіне қауіпсіз түсе алады. Ол арнайы қолы арқылы балдырларды жинайды. Сол арқылы дәрі-дәрмек жасауға көмектеседі.

Қозы Көрпеш Жасаралұлы

Автор
Редакция
Бөлісу