Экологиялық санаты төмен көліктердің кіруіне шектеу қойылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Экологиялық санаты төмен көліктердің кіруіне шектеу қойылуы мүмкін

Экологиялық санаты төмен көліктердің кіруіне шектеу қойылуы мүмкін

Алматыға көліктердің кіруіне шектеу енгізілмек. Бірақ бәріне бірдей емес. Экологиялық класы төмен санатқа жататын көліктер шаһарға кіргізілмейді. Бұл тізімге Еуро 5 санатынан төмен автокөліктер кіреді. Жоба Ашық порталына жарияланды. Мақсат не?

Нұрдәулет Сыздық, тілші: 

Алматыда 650 мыңға жуық темір тұлпар бар. Оның 600 мыңнан астамы жеңіл, 42 мыңы жүк көлігі. Тағы 15 мың автобус жолаушы тасымалымен айналысады. Көліктердің дені ескі. 20 жылдан астам қолданыстағы автомобильдердің үлесі 44 пайыз. Бұл автомобильдер Еуро 5 стандартына жатпайды. Сондықтан, тұрғындар қала экологиясына қатысты ережеге екі ұдайы ойда.

Экологтар бастаманы қолдап отыр. Өйткені ескі көліктен зиянды заттар аса көп мөлшерде бөлінеді. Салдарынан ауа ластанып, сапасы нашарлайды. Бұны тыныстаған адамдарда демікпе, аллергия сезіледі. Қала берді онкологиялық ауру да пайда болуы мүмкін.

Айнұр Сейілхан, эколог:

Жолдардан, магистральдардағы ескірген көліктерден шығатын түтіндер көміртек монооксидін және де қатты қалдықтарды, заттарды шығарады. Жеңіл көліктерден бөлек, жүк тасымалдаушы ауыр көліктерді де ескеру қажет. Олардан да шығатын уытты газды заттар өзінің әсерін тигізбей қоймайды. 

Талапқа сай келмейтін автокөліктердің қала орталығына кіруі ақылы болмақ. Алайда ауаны аса қатты ластаса аймаққа кіруіне мүлде шектеу қойылады.

Қала әкімдігі ескі автокөлікті сатып алып, жоюға дайын екенін айтады. Жоба «Аймаққа» кіру үшін төлем есебінен, сондай-ақ арнайы ұйым мен жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылмақ.

Нұрдәулет Сыздық

Автор
Редакция
Бөлісу