Елімізде 85 мыңнан астам банктік карта бұғатталды
Еліміздің құқық қорғау органдары жыл басынан бері 85 мыңнан астам банктік картаны бұғаттап, 2 млрд-тан аса қаржының қолданылуына тыйым салды. Бұл жайында елдің Бас прокуроры Берік Асылов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазірге дейін есірткіге қатысты бұғатталған активтердің жалпы сомасы 11 млрд теңгеден асқан. Қылмыстық топтарды ұстау операцияларының ең ірісі Ақтау мен Шымкент қаласында жүргізілді. Нәтижесінде 9 күдікті қамауға алынып 2,3 млрд теңге бұғатталған. Өйткені наркобизнес жасырын шоттар немесе криптовалюта арқылы жүзеге асырылған. Сол себепті арнайы органдар есірткі қылмысымен күресте IT-технологияларды пайдаланып, «дропперлік» транзакцияларды бұғаттау алгоритмін енгізді. Айта кетейік, 13 тамызда Президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысында наркоманияның алдын алуды күшейтуді тапсырған.
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
