Шерзат ісі қайта қаралып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Шерзат ісі қайта қаралып жатыр

Шерзат ісі қайта қаралып жатыр

Алматы облысы Қонаев қаласында Шерзат Полаттың ісі қайта қаралып жатыр. Бұл туралы облыстық сот хабарлады. Бүгінгі отырыста сегіз сотталушының апелляциялық шағымы қаралды. Сонымен қатар оқиға орнында жүрген екі қыз, бастапқыда куәгер ретінде танылған Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіге қатысты іс те жіті тексерілді. Облыстық сот үкімі ертең, яғни 19 тамыз күні шығады деп хабарлады.

Айдана Қуантхан


Автор
Редакция
Бөлісу