Елімізде өрт былтырғыға қарағанда 20 пайыз көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Елімізде өрт былтырғыға қарағанда 20 пайыз көбейген

Елімізде өрт былтырғыға қарағанда 20 пайыз көбейген

Биыл елімізде былтырғы тамыз айымен салыстырғанда өрт саны 20%-ға артқан. Мамандардың пайымынша, бұған себептердің бірі – жаһандық жылыну. Осыны ескерген Моңғолия, Бутан, Тәжікстан мен Қырғызстан елдерінің өрт сөндірушілері Алматы облысында бас қосып, өзара тәжірибе алмасты. Көлсай көлдері ұлттық табиғи паркінде ұйымдастырылған жиынға Оңтүстік Корея және Франция мамандары нұсқаушы ретінде қатысты.

Шараның мақсаты – климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл шараларын күшейтіп, Азия елдерінің ынтымақтастығы негізінде ормандарды тиімді басқаруға машықтану. Мәселен, соңғы жылдары Қазақстанда қашықтан өртті ерте анықтайтын кешенді жүйе жұмыс істей бастады. Бурабай, Көкшетау, Ертіс ормандарына орнатылған бұл қондырғылар өрттің алдын алып, өз нәтижесін беріп жатыр, дейді жауаптылар.

Данияр Ғалымұлы, ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы:

Бұрын өртті мұнарадан бақылап келгенбіз. Қазір камера ерте анықтап, өрттің қай жерде шыққанын бізге дереу хабарлайды. Сондықтан өрт сөндірушілер ерте жетіп, өртті үлкен көлемге жібермей тоқтатуға мүмкіндік алып отыр.

Тонгил Ким, Орман секторындағы ынтымақтастық жөніндегі Азия ұйымының (AFOCO) департамент директоры:

Оңтүстік Корея аумағының 64%-ын орманды алқап алып жатыр. Сондықтан өрт жиі болады. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін біз барынша соңғы технологияларды пайдаланамыз: өртті ерте анықтайтын жасанды интеллект жүйелері, көпфункциялы өрт сөндіру көліктері, дрондар және тікұшақтар қолданылады.

Қуан Нұрақын

Автор
Редакция
Бөлісу