Қазақ-өзбек шекарасындағы бекеттеріне заманауи тексеру кешені орнатылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қазақ-өзбек шекарасындағы бекеттеріне заманауи тексеру кешені орнатылып жатыр

Қазақ-өзбек шекарасындағы бекеттеріне заманауи тексеру кешені орнатылып жатыр

Қазақ-өзбек шекарасындағы бекеттерге көліктерді сканерлейтін заманауи тексеру кешені орнатылып жатыр. Бұл жоба Орталық Азияда ғана емес, ТМД аумағында алғаш рет жүзеге асырылуда.

Кешен арқылы сағатына 220 көлікті сканерлеуге мүмкіндік бар. Әзірге мұндай құрылғы Түркістан облысымен шектесетін аумақтағы екі бекетке орнатылды.

Сонымен қатар Кеден комитетінің мәліметінше, 1 қыркүйектен бастап үш бірдей шекара бекетінде көлік құралдары үшін «жасыл» және «қызыл» дәліз іске қосылады. Бұл екі жолақты жүйе жүк көліктерінің ұзақ тұрып қалмауына жағдай жасамақ.

Мәселен, «жасыл» дәлізден өткен көлік пен тиелген тауар кедендік тексеруден өткізілмейді, тек құжаттары ғана сараптамадан өтеді.

Базаркүл Отыншиева

Автор
Редакция
Бөлісу