Президент паралимпиада қозғалысының маңызды миссиясын жоғары бағалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Президент паралимпиада қозғалысының маңызды миссиясын жоғары бағалады

Президент паралимпиада қозғалысының маңызды миссиясын жоғары бағалады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонспен және Азия паралимпиада комитетінің президенті Маджид Рашедпен кездесті. Мемлекет басшысы паралимпиада қозғалысының маңызды миссиясын жоғары бағалап, еліміз осынау ізгі мақсатты қуаттайтынын атап өтті. Президент отандық паралимпиадашылардың әлемдік аренадағы табыстары Қазақстанның инклюзивті, орнықты және әлеуметтік жауапкершілік арқалаған мемлекет ретіндегі келбетін қалыптастыруға ықпал ететінін жеткізіп, бірлесе атқарылып жатқан жұмысқа ризашылығын білдірді.

Азамат Бейбітұлы


Автор
Редакция
Бөлісу