Қытайда алапат тасқыннан 10 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қытайда алапат тасқыннан 10 адам қаза тапты

Қытайда алапат тасқыннан 10 адам қаза тапты

Қытайдың Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында алапат тасқын жүріп, 10 адам қаза тапты. Тағы бірнеше адам жоғалып кеткен. 700-ден астам іздеу-құтқару жұмысын жүргізіп жатыр. Ауа райы болжамына сай, жауын әзірге тоқтамайды. Оның үстіне күн күркіреп, күшті жел тұруы ықтимал. Билік сол себепті тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, қауіпті аймақтарға бармау туралы кеңес берді.

Тасқын кезінде 150 адам жоғалып кетті

Ал Пәкістанда толастамай жауған нөсер кезінде жоғалып кеткен 150-ден астам адам әлі табылған жоқ. Қаза тапқандар саны 360-ға жуықтаған. Хайбер-Пахтунхва провинциясында тасқын су, лай көшкіні ауылдарды шайды. Жергілікті билік тасқын қайта жүруі мүмкін екенін ескертіп отыр. Маусымның соңынан бері Пәкістанда муссон жаңбыры тоқтамай жауып тұр. Содан бері елде 650-ден астам адам қаза тауып, мыңға жуық тұрғын жараланған.

Арай Төлегенқызы

Автор
Редакция
Бөлісу