Ұлытау облысында «Аялы жер - таза жер» атты спорттық-сауықтыру шарасы өтті
Ұлытау облысында ұлттық экологиялық бастама – «Таза Қазақстан» акциясы аясында жаппай сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шаралары облыстың барлық қаласы мен ауданында өтті. Өңір орталығында жастар, еріктілер мен қала тұрғындарының қатысуымен Алашахан даңғылы бойында ұйымдастырылып, орталық көшелер тазартылды. Ал Сәтбаев қаласында «Аялы жер - таза жер» атты Спорттық-сауықтыру шарасы өтті. Жыл басынан бері өңірде 7 облыстық және 8 қалалық сенбілік өткізіліп, оған 44 мыңнан астам адам қатысқан.
Серік Жасұлан, ерікті:
Сәтбаев қаласының көшелерін тазалауға көмек беріп жатырмыз. Қаламыздың, еліміздің тұрғындарына қоқыс тастамауға, таза ұстауға кеңес беремін. Өз қоқыстарыңызды қоқыс жәшігіне тастауға тырысыңыздар.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
01.09.2025, 14:50
Бердібек Мәшпекұлы өмірден озды
01.09.2025, 09:50
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner