Ақмола облысында 23 мыңнан астам педагог бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ақмола облысында 23 мыңнан астам педагог бар

Ақмола облысында 23 мыңнан астам педагог бар

Ақмола облысында балаларға 23 мыңнан астам педагог білім берсе, мектептерге жыл сайын 450 жас маман келеді. Бұл туралы бүгін Қосшы қаласында өткен облыстық тамыз педагогикалық конференциясында айтылды. 300-ден астам мұғалім бас қосқан жиынға Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев және Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов та қатысты. Конференция тақырыбы білім беру келешегіне арналды. Мамандар цифрлық дәуірдің жаңа сын-қатерлері мен мүмкіндіктерін талқылап, пікір алмасты. Өңірлік білім беру жүйесінің мамандары марапатталды. Вице-премьердің айтуынша, бәсекеге қабілетті, болашақтың сын-қатерлеріне дайын ұрпақ тәрбиелеу – біздің ортақ міндетіміз. Ал жасанды интеллект пен жаңа технологиялар мұғалімнің көмекшісіне айналып, шығармашылық пен дамуға көбірек мүмкіндік ашуы тиіс.

Гауһар Шапенова, ағылшын тілі пәні мұғалімі:

Қазіргі заманның талабы – ЖИ-ді оқыту процесіне енгізу. Мысалы, маған өте ұнайтыны және оқушыларды қызықтыратыны жасанды интеллектті сабақта қолдану. Жиі біз пайдаланатын - ол СhatGPT және Character.AI. Тыңдалым және айтылым дағдыларын дамыту үшін қолданамыз.

Темірлан Нұржанұлы

Автор
Редакция
Бөлісу