Израиль «Хамас» тобымен бітімге келудің басты шартын атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Израиль «Хамас» тобымен бітімге келудің басты шартын атады

Израиль «Хамас» тобымен бітімге келудің басты шартын атады

 Израиль «Хамас»-пен арадағы атысты 60 күнге тоқтату туралы келісім жасауға қарсы. Басты талап - кепілдегілердің барлығын босату. Бұған дейін палестиналық қарулы топ Қатар мен Мысыр ұсынған бітім жобасын қабылдаған еді. Оған сай, атыс 60 күнге тоқтап, кепілдегі израильдіктердің жартысы босатылуы тиіс. АҚШ-тың дәл осындай ұсынысын бұған дейін Израиль де қолдаған еді. Алайда ел билігі енді үкімет жартылай келісімдер жасауға мүдделі емес деп мәлімдеді. «Хамас»-тан кепілдегілердің жартысын емес, барлығын босатуды талап етіп отыр.

Арай Төлеген


Автор
Редакция
Бөлісу