Жапониядағы қатты жауын алапат тасқынға ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Жапониядағы қатты жауын алапат тасқынға ұласты

Жапониядағы қатты жауын алапат тасқынға ұласты

Жапонияның солтүстігінде төпелеп жауған жаңбыр алапат тасқынға ұласты. Әсіресе Акита префектурасындағы жағдай қиын. Мұнда өзендер арнасынан асып, Сембоку қаласында халыққа қауіпсіз жерге көшуге кеңес берілді.

Қаза тапқандар туралы мәлімет түскен жоқ. Бірақ 28 тұрғын топан судың ортасында қалып қойған. «Эн-эйч-кей» телекомпаниясының хабарлауынша, оларға құтқарушылар жіберілді. Ал «Ниппон» арнасының дерегінше, Казуно және Китакита қалаларында да эвакуация жарияланып, пойыздар қатынасы уақытша тоқтатылды.

Арыстан Рысбек

Автор
Редакция
Бөлісу