Ташкент – ауаның ластығы бойынша әлемде алғашқы ондықта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ташкент – ауаның ластығы бойынша әлемде алғашқы ондықта

Ташкент – ауаның ластығы бойынша әлемде алғашқы ондықта

Ташкент қаласы әлем бойынша ауасы ең лас шаһарлардың алғашқы ондығына кіреді. Атмосфераға бақылау жасайтын халықаралық «IQAir» компаниясының мәліметі осылай. Өзбекстанның өзге ірі қалаларында да ауа сапасы нашар. Бұған құрылыс жұмыстары, көлік санының артуы мен жылыжайлардың көптігі әсер етіп отыр. Ел билігі бірқатар шараны қолға алған. Алайда нәтиже мардымсыз. Ауыр жүк көліктері мен ескі машиналардың қалада жүруіне шектеу қойылды. Ауаны ластайтын нысандар өз аумағында ағаш отырғызуға міндеттелді. Құрылыс материалдарын, әсіресе ұнтақ қоспаларды өндіретін зауыттар салуға мораторий жарияланған. Мәселені шешудің тағы бір жолы ретінде энергия мен газ өндіруші кәсіпорындар қала сыртына көшіріліп жатыр.

Лариса Тушева, Мемлекеттік экологиялық зерттеу орталығының бас сарапшысы:

Соңғы жылдары құрылыс қарқын алған, өндіріс орындары мен тұрғын үй кешендері үздіксіз бой көтеруде. Шаң-тозаңды азайту мақсатында алдағы жылдары «Еуро 5» стандартына сай келмейтін ауыр техникаларды қолданыстан алып тастау жоспарланып отыр.

Базаркүл Отыншиева


Автор
Редакция
Бөлісу