Қазақстандық парадзюдошылар алтын жүлде ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қазақстандық парадзюдошылар алтын жүлде ұтты

Қазақстандық парадзюдошылар алтын жүлде ұтты

Қазақстандық парадзюдошылар Мысырда өткен Grand Prix турнирінде алты медаль жеңіп алды. Оның екеуі алтын, үшеуі күміс және біреуі қола жүлде. Осылайша Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте Бразилиядан кейінгі екінші орынға жайғасты. Ел мерейін үстем етіп, жеңімпаз атанғандарың қатарында әйелдерден 52 келіге дейінгі салмақтың J1 санаты бойынша Альфия Тілекқабыл мен ерлерден 81 келінің J2 санатындағы Бексұлтан Құлмырза бар. Бексұлтан финалда тағы бір қазақстандық татами шебері Ғалымжан Смағұлұлымен жолығып, алғашқы минутта иппон әдісімен жеңді. Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері 81 келінің J1 санатындағы Ерғали Шамей шешуші белдесуде неміс балуанына жол берді. Аса ауыр салмақтың J1 санатында сынға түскен Бағланбек Оңалбек те екінші орын алды. Ал Ерлан Өтепов қоланы қанағат тұтты. 

Асылбек Данияр

Автор
Редакция
Бөлісу