Теннис: Маусымның соңғы жарысы басталды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Ценценатти турнирі аяқтала сала АҚШ ашық чемпионатына қатысты. Бәсекені аралас жұптық сында бастаған отандасымыз 1/8 финалдан әрі аса алмады. Елена АҚШ өкілі Тейлор Фрицпен бірге италиялық жұпқа қарсы ойнады. Жарыстың екінші ракеткалары болып тіркелген қазақ-америка дуэті бірінші сетте 2:4 есебімен жеңілді. Матчтың шешуші кезеңінде де дәл осындай нәтиже тіркелді.
Дәл қазір жарыстың жекелей сындағы іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Онда қазақстандық Бейбіт Жұқаев, Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко бақ сынауда. Үлкен Дулығаның негізі матчтары 24 тамызда басталады. Финал 7 қыркүйекке жоспарланған. Маусымды қорытындылайтын маңызды жарысқа әлемнің ең үздік деген 128 спортшысы қатысып жатыр. Жүлде қоры – 37 жарым миллион доллар. Жеңіпмаздарға қаржылай сыйлықтан бөлек, 2000 рейтингтік ұпай бұйырады.
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
