Көркем гимнастикадан Әлем чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Көркем гимнастикадан Әлем чемпионаты басталды

Көркем гимнастикадан Әлем чемпионаты басталды

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында көркем гимнастикадан Әлем чемпионаты басталды. Жарыс 24 тамызға дейін болады. Дүниежүзілік додада ел намысын 8 спортшы қорғайды. Гимнастарымыз жекелей және топтық жаттығуда бақ сынайды. Қазақстан атынан жекелей сында Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова өнер көрсетеді. Ал топтық жаттығуларда Аида Хәкімжанова, Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Айзере Нұрмағамбетова және Мадина Мырзабай жарыс жолына шығады. Халықаралық гимнастика федерациясының ақпаратынша, біріншіліктің жекелей сынында 100-ден астам спортшы өнер көрсетеді. 

Асылбек Данияр

Автор
Редакция
Бөлісу