TikTok қосымшасында Ақ үйдің ресми аккаунты пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар TikTok қосымшасында Ақ үйдің ресми аккаунты пайда болды

TikTok қосымшасында Ақ үйдің ресми аккаунты пайда болды

Ақ үй ТикТок-та өзінің ресми аккаунтын ашты. Осылайша, Құрама Штаттар әкімшілігі 150 миллион америкалыққа президент Дональд Трамптың мәлімдемелерін жеткізетін тағы бір желіге тіркеліп отыр.

Трамп былтырғы президенттік сайлауда дәл осы танымал қосымшаның арқасында демократ қарсыласы Камала Харристі ұттым деп есептейді.

Айта кетсек, осыған дейін барлаушылар мәліметі көрсеткендей, қысқа видеоларға арналған әлеуметтік платформа Қытай үкіметімен байланысты және оны компартия америкалықтарға ықпал ету үшін пайдаланса керек. Алайда ресми Бейжің бұл ақпаратты жоққа шығарып келеді.

Арыстан Рысбек

Автор
Редакция
Бөлісу