Үржардағы жол апаты: Екі бала жансақтау бөлімінде жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Үржардағы жол апаты: Екі бала жансақтау бөлімінде жатыр

Үржардағы жол апаты: Екі бала жансақтау бөлімінде жатыр

Кеше Абай облысынан елордаға санавиациямен жеткізілген балалардың жағдайы әлі ауыр. Екі бала да жансақтау бөлімінде жатыр. Мұны қалалық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Еске салсақ, Үржар ауданы Бестерек ауылында 6 баланы көлік қақты. Үшеуі қаза тапты. Қалған үшеуінің де жағдайы дәрігерлер бақылауында. Ал жол апатына себепші болған азамат 2 айға қамауға алынды. 55 жастағы күдікті сол ауылдың тумасы. Ол 20 жыл автобус тізгіндеген тәжірибелі жүргізуші болған. Қазір оқиғаның себебі анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Ернұр Медет


Автор
Редакция
Бөлісу