Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады

Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады

Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті де қабылдады. Президентке өңірдегі астық жинау жұмыстарына дайындық жайы, агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, сондай-ақ машина жасау саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев астық жинау науқанын уақтылы жүргізудің және тұқым қорын дайындаудың маңыздылығын, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру және Қостанай әуежайын қайта жөндеу қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Архимед Мұхамбетовке Арқалық қаласының жылу беру жүйесін қайта жөндеу жөнінде ұсыныс беруді тапсырды.

Автор
Редакция
Бөлісу