Соғыс салған жара әлі жазылған жоқ...
Бейне қолжетімді емес
Соғыс салған жара әлі жазылған жоқ... Бас-аяғы бүтін болып кеткендер жараланып келіп жатты. Біреудің жалғызы із-түссіз кетті. «Бауырластар зиратында» жатқандардың тағдыры да талайға жұмбақ.
Соғыс басталғанда бесіктегі бала қазір көрнекті жазушы, драматург. Соғыс салған зардапты бала болса да, басынан өткерген Төлен Әбдік былайша жеткізді: «Бізбен бірге 5-6 жас үлкен балалар да оқыды. Олар кейін ілесе алмай, қалып қойды. Ауылда жетім балалар көп болды. Соның бәрін көріп өстік».
Қаламгер қатал жылдарды қабырғасы қайыса отырып, қағазға түсірді. Отты жылдар осылайша бір-бір шығармаға арқау болды. Жазушының әкесі Салық та қолына қару алып, майдан даласын көріп қайтты. Ол кісі жазушы Сырбай Мәуленовпен бір взводта болыпты.
«Бір жылдары әкемді Алматының жанындағы Түрксіб деген жердегі ауруханаға алып келдік. Сонда Сырбай Мәуленов әкемнің келіп жатқанын естіп, арнайы барды. Ол кезде Сырбайдың танылып қалған кезі. Сонда ол кісі көкемді көрген бетте таныды»,-дейді жазушы.
Сол жылдардың азабын ұмыту мүмкін емес. Әсіресе, айналдырған 4 жылда қара қағаз алмаған әулет кемде-кем еді. «Аштықтан енді есін жинаған қазаққа сұм соғыс ауыр қайғы, батпандай қасірет әкелді»,-дейді жазушы Тұрсын Жұртпай.
«Шынында да біз соғысты көрген жоқпыз. Соғыстан кейін тудық. Бірақ, алдымызда 10-15 жыл бұрын ғана балалығы өткен адамдардың көзіндегі тағдыр тауқыметін, қазаға, өлімге деген үрей мен назаға толы өмірлері, содан кейін тәубесін көріп өскендіктен де, кейбір жайттарға төбе құйқаң шымырлайды. Оларда өмір болған жоқ»,-дейді жазушы.
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner